ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

21 мая 12:13

Жастар – бұл әртүрлі әлеуметтік мәртебесіне, жас ерекшеліктеріне қарай, олардың  қоғамның әлеуметтік құрылымындағы орны мен қызметіне, және де олардың ерекше көптеген қызығушылықтары мен құндылықтарына байланысты ерекшеленетін әлеуметтік-демографиялық тобы ретінде қалыптасты[1].

Жастарды жұмыспен қамтамасыз ету және білікті кадрлар құруға және кәсіпорындардың кадрлық саясатын дамытуға білікті мамандарды жіберу мәселелері өзара тығыз байланысты. Кез-келген дамыған елде жастарды жұмыспен қамтамасыз ету мәселелерін шешу маңызды.

Бұл тақырып бойынша қазіргі қоғамда өте өзекті мәселелердің бірі болып отыр, себебі қазіргі таңда жұмыс тәжірибесі жоқ жастарға қосымша дағдылары бар жұмыстарғада сұраныс өте аз.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің мәліметтері бойынша жастар (15-тен 28-жасқа дейін) Қазақстанның экономикалық белсенді тұрғындарының шамамен төрттен бірін құрайды. Оның ішінде Қазақстан Республикасында жұмыспен қамтылған жастардың саны 2,0 миллионды құрайды[2].

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтері бойынша жасалған жалпы жұмыспен қамтылған жастардың жалпы көрсеткіші (1-кесте) көрсетілген.

2,0 млн адам (жұмыспен қамтылған жастар саны)

42,9%

          жоғары білім;

23,9%

өзін-өзі жұмыспен қамтушы;

76,1%

жалақы алатындар;

55,3%

қалада жұмыс жасайтын;

54,3%

ерлер;

95,6%

20-28 жас;

1-кесте. Жұмыспен қамтылған жастар саны.

Сонымен қатар, Қазақстандағы жалпы еңбек нарығы бойынша да жастар сегменті де теңгерімсіз күйінде қалып отыр.

Біріншіден, жас мамандар көбінесе өнімділігі жағынан төмен салаларда жұмыс істейді. Мәселен, 2018 жылы жұмыспен қамтылған жастардың 16,7% сауда саласында, 14,2%-ы ауыл шаруашылығында, 11,1%-ы білім салаларында жұмыс істейді.

Екіншіден, кәсіпкерлік қызмет жастар үшін жеткіліксіз болып қала береді. Жұмыспен қамтылған жастардың басым көпшілігі жалдамалы жұмысшылар. 23,9%-ы ғана өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар. Сонымен бірге, Қазақстанда жұмыспен қамтудың өзі көп жағдайда табыстың төмендігі мен еңбек өнімділігімен тығыз байланысты екендігін атап кеткен жөн. Мысалы, жұмысқа орналасу мүмкіндігі айтарлықтай төмен ауылдық жерлерде өзін-өзі жұмыспен қамтудың баламалы түрі болып табылады. Осылайша, жалдамалы жұмысшылардың едәуір бөлігі қалада (64,2%), ал өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар ауылда (66,4%) құрайды.

Үшіншіден, жұмыспен қамтылған жастардың білім деңгейі де айтарлықтай ерекшеленеді. Жұмыспен қамтылған жастардың 42,9% -ның жоғары және толық емес жоғары білімдері бар. Сонымен қатар, жалданған жастар (жоғары білімі бар 48,9%) мен өзін-өзі жұмыспен қамтылған жастар (жоғары білімі бар-жоғы 25,2%) арасында үлкен айырмашылық бар.

Төртіншіден, жалақының дифференциясы да жоғары деңгейде қалып отыр. Статистика комитетінің мәліметтері бойынша 2018 жылы жұмыс істейтін жастардың есептелген орташа айлық номиналды жалақысы орташа есеппен 115,4 мың теңгені құрады[3], бұл жалпы экономикадағы есептелген орташа айлық номиналды жалақыдан бір жарым есеге төмен. Ең төменгі жалақы ауылшаруашылығы, денсаулық сақтау және мемлекеттік басқару салаларында кездеседі. Жоғары ақы төленетін жастар сегменті жұмыспен қамтылған жастардың тек бір бөлігін ғана қамтыйды.

Осылайша, жалпы қазақстандық еңбек нарығындағы жастар халықтың жеткілікті мобильді бөлігі болып табылады. Алайда, жастардың өздеріне лайықты жұмысқа тұруға жол бермейтін жұмыс орындарының сапасы туралы мәселелер туындайды. Еңбек нарығы, ең алдымен, салыстырмалы түрде төмен өнімділігі мен төмен жалақысы бар салаларда жұмыспен қамтуды ұсынады. Сонымен қатар, қалада тұратын жас тұрғындар көп жағдайда жалдамалы жұмыс жасауды таңдайды, ал ауыл жастары жұмыс орындарының жоқтығынан өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етеді.

Жастардың еңбек нарығы қажетті кәсіби тәжірибенің, білім деңгейінің  жетіспеушілігімен сипатталады, бұл еңбек нарығындағы басқа жас топтарымен салыстырғанда бәсекеге қабілеттіліктің төмендігіне әкеледі.

Қазақстан Республикасының 2016 жылдан 2019 жылға дейінгі  15-24 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық көрсеткіші (2-кесте) көрсетілген[4].

2-кесте. Жастар арасындағы жұмыссыздық көрсеткіші.

Жас мамандар кез-келген дамыған мемлекеттің үміті. Бірақ жастарды жұмысқа орналастырудағы тиімсіз көмек көрсету ол білімді жастардың шетелге кетуіне әкеледі және жоғары кәсіби білім алуға деген қызығушылықты төмендетеді.

Жастарды жұмыспен қамтудың себептерін бірнеше факторларға бөлуге болады: біріншіден, қазіргі жағдайда бітірушілердің біліктілігі деңгейінің жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келмеуі – тәуелсіз шешім қабылдау тәжірибесінің болмауы, білімнің аздығы, алған мамандығы бойынша практикалық дағдылардың болмауы; екіншіден, бұл жастардың еңбек және жұмыспен қамту саласындағы бейімделу жолдары туралы идеяларды. Көбінесе, мамандық таңдағанда үміткер еңбек нарығындағы нақты жағдай бойынша маманның қажеттіліктерін басшылыққа алмайды; үшіншіден, техникалық бейімділікпен мамандықтардың құлдырауын, гуманитарлық бағыттағы мамандықтардың өсіп келе жатқан сұранысын атап өтуге болады, бұл гуманитарлық бағыттағы мамандардың артық болуына және техникалық мамандардың жетіспеушілігіне алып келеді.

Жас тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесін шешу үшін әр аймақтағы мемлекеттік және жергілікті органдардың көмегі қажет. Егер мәселе белгілі бір аймақ деңгейінде шешілсе, онда елдегі жұмыссыздықтың төмендеуінің жалпы көрінісі оптимистік бағытта болады. Бұл мәселені шешудің тиімді тәсілі барлық құрлымдардың: мемлекеттік органдардың, жұмыспен қамту қызметтерінің, білім және жастар ісі жөніндегі комитеттерінің өзара әрекеттестігі мен ынтымақтастығы болады[5, б. 173].

Мемлекет халықтың әр түрлі топтары үшін әлеуметтік тұрақтылық пен қауіпсіздікті құру туралы қамқорлық жасауы керек, халықты жұмыспен қамту қызметтерінің саясатын түзету, азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағдарламаларын іске асыруға көп қаржылық көмек бөлу.

Өз кезегінде облыстың, қаланың жергілікті әкімшілік органдары еңбек биржасының жұмысын, жұмыспен қамту орталығының қызметін қадағалап отыруы керек, жоғары оқу орындарына еңбек нарығының қазіргі жағдайына сәйкес келетін мамандықтарға тапсырыс жасауы керек.

Ұйымдастырушылық деңгейдегі жұмыспен қамту проблемасын шешуге жас жұмысшыларды жалдаудың өзгеруі, жұмысқа қабылдау критерийлерінің оңайлатылуы, жұмыс тәжірибесі жоқ жұмысқа орналасу, күндізгі бөлімде оқитын студенттер үшін қолайлы жұмыс кестесін құру және басқа шаралар ықпал етеді.

Мектеп деңгейіндегі жастардың еңбекке сәтті бейімделуі үшін жастарға мамандық таңдауға көмектесу, жеке қабілеттерінің деңгейін көтеру, еңбек нарығының нәтижелерін талдау, болашақта кадрлық қажеттіліктерді дамыту стратегиясын қарастыру қажет.

Кәсіптік мектептердің түлектері үшін еңбек нарығында тиімді мінез – құлықты үйрететін бағдарламалар әзірлеу қажет. Мұндай бағдарламалар студенттердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, еңбек нарығының қазіргі заманғы жағдайларына тиімді бейімделуге көмектесуі керек. Бұл бағдарламалар жастардың арасындағы жұмыссыздық пайызын азайтуға көмектеседі.

Сонымен, бүгінде білім сапасы мен нарық талаптары арасында сәйкессіздік бар осыған байланысты көптеген жастар жұмысқа орналасуда қиындықтарға тап болады. Әрине білім деңгейі оның себептерінің бір бөлшегі болып табылады. Көбінесе, жұмыс іздеу кезінде жастар көбейтілген  жалақыны басшылыққа алады және нарықтағы жағдайдан бейхабар болады. Болашақ мамандар еңбек нарығына мектеп оқып жүрген кезінде, болашақ  мамандығын таңдау кезеңінде қызығушылық танытуы керек. Жастарды жұмыспен қамту, оларды бейімдеу және кәсіби еңбек қызметіне дайындау маңызды міндеттердің қатарына кіреді, олардың шешімі жастардың еңбек ету құқықтарын жүзеге асыруды мемлекеттін және қоғамдық дамуында өз саясаттарын пайдалануды қамтамасыз етеді.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. М.И. Захаров Управление трудовыми ресурсами: / Под ред. М.И. Захаров. – М.: ПРИОР, 2009.-467 с
  2. Комитет по статистике Министерства национальной экономике Республики Казахстан. Интернет-доступ: https://stat.gov.kz Официальная статистическая информация/Труд/Основные индикаторы рынка труда молодежи по РК за 2001-2018 годы (квартальные данные).
  3. Комитет по статистике Министерства национальной экономике Республики Казахстан. Интернет-доступ: https://stat.gov.kz Официальная статистическая информация/Труд/Заработная плата работников по профессиям (должностям) в отдельных видах экономической деятельности Республики Казахстан за 2018 года
  4. Деловые и экономические данные по 200 странам Интернет-доступ: https://www.theglobaleconomy.com
  5. 5. Л.А Козлова, Л.Э Самуйлова, Ю.А. Логинова, Д.Н. Рощин, С.В. Тарасова . Технологии поиска, отбора и адаптации персонала в компании. 2010 г. – 237 с. // http:www.smartcat.ru (дата обращения: 15.06.2014ж.